Гонконгта алапат өрт құрбандарының саны 44-ке жетті
Гонконгта алапат өрт құрбандарының саны 44-ке жетті. Тағы жүздегені жоғалып кеткен. Абайсызда адам өлтірді деген себеппен үш күдікті тұтқындалды. Олар – мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясының жетекшілері мен инженер-кеңесшісі.
Қаланың солтүстігіндегі «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенін
от шарпығаны жайлы алғашқы хабар сәрсенбі күні жергілікті уақытпен түскі сағат 2-ден
51 минут кеткенде түскен.
Лапылдаған жалын кешендегі сегіз зәулім үйдің жетеуін
жалмапты. Тілсіз жаумен күреске 700-ден астам адам тартылды. Олар қазір де оттың
бірнеше ошағын сөндіруге күш салып жатыр.
Осы кешенде 40 жылдан астам тұрған куәгердің айтуынша,
оның көршілері үйдің жанып жатқанын дереу білмей, эвакуация жайлы хабарды
көршілерінен естіген.
Жөндеу кезінде басталған өрттің себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы