«Арнау». Осындай атаумен Димаш Кұдайберген Астана күніне орай, жеке шығармашылық кешін өткізеді. Концерт 4-5 бөлімнен тұрады деп жоспарланып отыр. Бағдарламада қазақтың халық әндері, отандык және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады. Яғни, қазақ, ағылшын, француз, орыс, итальян тілдерінде ән шырқалмақ. Әлбетте, заманауи әрленген Димаштын авторлық туындылары да Астана аспанын тербемек. Концерттің бүкіл ұйымдастыру, түсірілім жұмыстары, жалпы, ақпараттық қолдауды «Qazaqstan» Ұлттық арнасы көрсетеді. Қазір дайындық жұмыстары басталып кетті.
Айта кетейік, екі жыл бұрын Астана төрінде Димаштың «Бастау» атты шығармашылық кеші өтті. Сондай-ақ, Ұлыбритания астанасы Лондонда да концерт дүркіреп өткен болатын. Оған әлемнің 45 елінен тыңдарман жиналғаны есте.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.