Таиландтағы тасқыннан 2,7 млн адам зардап шекті
Таиландта алапат су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, қаза тапқандар саны 33-ке жеткен. Тағы 2,7 миллиондай тұрғын зардап шекті. Әсіресе Хатьяй қаласындағы жағдай қиын. Мұнда бір күнде 355 миллиметр жауын түскен. Бұл – кейінгі 300 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жергілікті халықты құтқаруға 20 тікұшақ пен 200-дей қайық жіберілді.
Қазір Таиландтың тоғыз провинциясы мен Малайзияның сегіз штаты су апатынан зардап шегіп отыр. Екі елде 45 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Ал Индонезияда тасқын мен лай көшкінінен осы аптада 13, Вьетнамда 98 адам опат болды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25