Зеленский: Бейбіт жоспардың тармақтары азайды
Украина президенті АҚШ ұсынған бейбіт жоспардың кей тұстары Дональд Трамппен талқылануы керек деп мәлімдеді. Бейнеүндеу жасаған Владимир Зеленский Женевадағы келіссөздерден кейін құжаттың тармақтары азайғанын, оған қосымша элементтер енгізілгенін айтты. Қазір жаңа жоспарды Украина Еуропа және АҚШ өкілдерімен талқылап жатыр. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Женевада жексенбіде өткен кездесу жемісті болды деп мәлімдеді. Өткен аптада Трамп әкімшілігі 28 тармақтан тұратын жоспар ұсынды. Оған сәйкес, Украина Ресейге жерін беріп, әскерін қысқартып, НАТО-ға қосылмауы керек. Бірақ украиналықтар оны қабылдаудан бас тартып отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12