Басты Жаңалықтар Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады

Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады. Ақордада Израиль мемлекетінің, Қырғыз, Куба, Ливан, Зимбабве және Самоли Федеративтік Республикаларының елшілері салтанатты рәсімге қатысып, Қазақстанның рәміздеріне құрмет көрсетті. Ресми рәсімінен соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде айтты. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделіп отыр. Елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Фатхудин Али Мохамед, Сомали федеративтік республикасының елшісі:

Бұл мен үшін тарихи күн. Өйткені мен Самолидің Қазақстандағы ең алғашқы елшісімін. Елшіліктің жұмысын бастау туралы келісімге жуырда Нью-Иорк қаласында қол қойылған. Болашақта екі елдің арасында білім беру, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы байланыс арта түседі деп сенемін.


Құдайберген Базарбаев, Қырғыз республикасының елшісі:

Қазақстанда Қырғыз республикасының елшісі ретінде жұмыс істейтініме қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымыз бұрынғыдай тығыз болып қалатынына сенімдімін. Оны еселей түсу үшін барымды саламын.


Альфредо Федел Ниевес, Портуондо Куба республикасының елшісі:

Қазақстан мен кубаның саяси көзқарасы өте ұқсас. Болашақта екі елдің арасындағы экономикалық байланысты жандандыра түсу керек деп ойлаймын. Ол үшін жан жақты мүмкіндігіміз бар.



Бөлісу