Басты Жаңалықтар Алатау қаласының бюджеті 8,8 млрд теңгеге жетті

Алатау қаласының бюджеті 8,8 млрд теңгеге жетті

Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Премьер-министр өткізген Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиынға мемлекетік органдар басшылары, сарапшылар мен урбанистер қатысты. Онда Мемлекет басшысының іскерлік белсенділік, инновациялар және технологиялар жөніндегі халықаралық орталық құру бойынша жүктеген міндеттерін жүзеге асыруға баса назар аударылды. Биыл Алатауда 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бас жоспарды жүзеге асыру барысында Алатаудың сәулеттік келбетіне және заманауи қала құрылысы шешімдеріне ерекше көңіл бөлінген. «Caspian Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Gate District аумағында жаңа іскерлік ауданын дамыту жобасын таныстырды.

Юрий Цхай, «Caspian group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы:

Alatau City халықаралық компаниялар үшін жаңа жұмыс моделін ұсынады. Себебі олар жалпы құқыққа негізделген жаңа жүйеде жұмыс істейді. Жаңа ынталандыру тетіктеріне қол жеткізеді және өздеріне қажет мамандарды еркін тартуға мүмкіндік алады. Сондықтан бұл көптеген шетелдік компаниялар үшін жаңа парадигма. Жаңа мүмкіндіктер жаңа салаларды, жаңа инвестиция түрлерін қалыптастырады. Менің ойымша, бұл Қазақстанның ЖІӨ-сін айтарлықтай арттыра алады.


Бөлісу