Басты Жаңалықтар Биыл 17 мыңға жуық колледж түлегі жұмысқа орналасқан

Биыл 17 мыңға жуық колледж түлегі жұмысқа орналасқан

Сыңғырлаған әуезді үнін тексеру - домбыра жасаудың соңғы кезеңі. Елжас Орынбасарұлы 5 жылдан бері ұлттық музыкалық аспаптарды әзірлеп сатады. Бұл кәсіпті ол Алматы колледждерінің бірінде меңгерген. Ұста үш көмекшісімен айына 10-ға жуық аспап жасайды.

Елжас Орынбасарұлы, кәсіпкер:

Заманға сай электронды дыбыс ұлғайтқыш салып жасаймыз.Тропикалық климатта өсетін ағаштар қолданамыз. Себебі ол ағаштар дымқыл өткізбейді. Академияның студенттері, филармонияның әртістеріне жасап береміз.

Ал жас кәсіпкер Айбар Ералиев баспа ісін қолға алған. Колледжде «Полиграфия технологиялары» мамандығын меңгеріп, 2022 жылы кәсіпкерлікке қадам басты. Бүгінде Айбар ашқан мекеменің 4 бөлімшесі жұмыс істейді. Онда 20-ға жуық маман еңбек етіп жүр.

Айбар Ералиев, кәсіпкер:

Айына 8 мың адамға қызмет көрсетеміз. Колледжден келген шәкірттер бар. Оларға біз үйретіп, олар қазір бізде жұмыс істеп жатыр. Өзімізде оқып үйренген 2 жұмыскеріміз біздің компанияның атынан өздері ашып, жұмыс істеп жатыр.

Алматы Сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директоры Жанболат Жүнісалиев түлектердің жұмыспен қамтылуына дуалды оқыту жүйесі ерекше ықпал еткенін айтады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар да жастарға өз кәсібін ашуға үлкен мүмкіндік берген.

Жанболат Жүнісалиев, Алматы Сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директоры:

«Мен кәсіпкермін» деген бағдарламалар бар. Колледжді бітіргеннен кейін кәсіппен қалай айналысуы керек, соны да оқытамыз. «Иннактус» деген бағдарламамыз бар, колледждегі алып шыққан мамандығын ары қарай кәсіппен айналысу үшін осы бағдарламалармен студенттер жұмыс істеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, колледжді тәмамдағандар үшін ең тиімді тәсіл - мемлекеттік бағдарламаларға қатысу. Бұл жастардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік береді.


Бөлісу