Тегеранға эвакуация қаупі төніп тұр
Иран бұрын-соңды болмаған қуаңшылықтан зардап шегіп отыр. Су дағдарысына байланысты Тегеран халқын көшіру мәселесі биік мінберлерден көтеріле бастады. Тіршілік нәріне зәрулік күшейген елдегі соңғы ахуалға Арыстан Рысбек толығырақ тоқталады.
Кейінгі кездері Тегеран жұртшылығы мешіттерге барып, жауын үшін дұға оқитын болды. Себебі бүкіл ел қазір соңғы онжылдықтардағы ең ауыр су дағдарысын бастан кешіп жатыр. Жағдайдың ушыққаны сонша, Ислам Республикасының үкіметі халқының саны 10 миллионнан асқан мемлекет астанасын адам тұрмайтын жер деп жариялауға жақын.
Мәриям Оджағи, жергілікті тұрғын:
Біз мұнда Құдай игілігі мен мейірімін төгіп, халқымызды осынау қиын жағдайдан алып шықса екен деген тілекпен келдік. Қалаларымызды теңіз жаққа көшіруіміз керек. Сонда судан таршылық көрмейміз. Бүкіл халық сөйтсе, дұрыс болар еді. Су тазалайтын қондырғыларды неліктен қалалардың ортасына салған? Біреу осы сауалға жауап бере ала ма? Елдің айтқанын басшылар неге тыңдамайды? Әлде біз оларға сайлауда ғана керекпіз бе?Шынында да Тегеран тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қазір Иранда күн тәртібіне шығып отыр. Бұл проблеманы осы айда президент Масуд Пезешкианның өзі де биік мінберден көтерді.
Масуд Пезешкиан, Иран президенті:
Бізде су таусылып жатыр. Егер жауын жаумаса, Азара айынан, яғни қарашаның 22-нен бастап Тегеранда суды мөлшерлеп беруге мәжбүр боламын. Әзірге бір жайт белгісіз – біз үнемдегенмен, ылғал түспесе, сусыз қалайын деп тұрмыз. Демек азаматтарымыз Тегераннан эвакуациялануы қажет.Иран астанасы бес плотинаға тәуелді. Бірақ сол дамбалардағы су деңгейі 43 пайызға кеміген. Мұндай дағдарыс Тегераннан тысқары жерлерде де сезіліп отыр. Жалпы алғанда, ел аумағында 19 ірі резервуар құрғап қалған. Соның салдарынан 4 миллион адам тұратын Мешхедпен бірге Батыс және Шығыс Әзербайжан провинциялары да су тапшылығынан зардап шегіп отыр.
Махди Ходаи, жергілікті тұрғын:
Бізде не жауын жауған жоқ, не су қоры жоқ. Плотиналар босап жатыр. Тіпті олардың түбі көрінетін болды. Әрине дамбалар санын көбейту керек.Иран мұндай жағдайға қалай жетті? Елдің энергетика министрі Аббас Әлиабадидің ойынша, бұл дағдарысқа жауын-шашын тапшылығы ғана емес, жүз жыл бұрын тартылған құбырлардың әбден тозып, судың далаға төгілуі де себепші.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германияның Михендорф қалашығында Аяз аталар дәстүрлі жүгіруден жарысты
08.12.2025, 14:10
«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
08.12.2025, 14:08
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм маусымы ашылды
08.12.2025, 14:07
Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
08.12.2025, 14:06
Кәсіпорын табысының бір бөлігі халық игілігіне жұмсалуы керек
08.12.2025, 14:05
БҰҰ Украина бойынша отырыс өткізеді
08.12.2025, 14:04
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды
08.12.2025, 14:03
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
08.12.2025, 14:02