Жамбылдық шаруалар қарызын төлей алмауда
«Әкімдік субсидия қарызын 4 айдан бері төлемей отыр» дейді жамбылдық шаруалар. Салдарынан банк алдындағы берешегі 3,5 млрд теңгеге жеткен. Шарт бойынша жеңілдетілген несиенің 6%-ын шаруалар, ал 18%-ын басқарма тарапы төлеуі тиіс. Ал төлем тоқтағалы фермерлер қарызды 24%-бен жабуға мәжбүр. Бұл қожалық иелерінің қалтасына салмақ салған. Төмендетілген несиені үш жыл бұрын 2 мың адам алған екен. Олар 10 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін рәсімдеген. Ал қаржыға төрт-түлік пен агротехника сатып алған. Енді олар қарызды әкімдік қайтарсын, не несиелік демалыс берсін деп талап қойып отыр.
Рамазан Терлікбаев, шаруа:
Төлей алмаймын! Менің 15 немерем бар. 5-6 балам бар. Бәріміз қазір далада қалайын деп тұрмыз. 1-2 үй аукционға шықты, төлей алмағандардың үйі. Ертең біз де далада қаламыз.
Дәулет Әмірбеков, несие серіктестік төрағасы:
Біз шаруа қожалықтарға міндетті түрде 22% төлетіп жатырмыз. Бұлар қиналып жатыр. Соған күнде айқай-шумен төлетіп жатырмыз. Мал сатып жатыр, басқасын сатып жатырмыз. деп.
Ал басқарма басшысы субсидияны төлеуге бюджетте қаржы жоқ дейді. Бірақ ақша сұрап, Астанаға хат жазып жатқандарын айтты. Бірақ шаруалар келісімшарт талаптарын оқымаған деп отыр.
Қайрат Көшенов, облыстық а/ш басқармасының басшысы:
Егер де бюджеттен қаражат бөлінбесе, онда олар өздері төлеуге міндетті. Ол заң бойынша солай. Қағидада көрсетілген. Олар келісімшартқа соны біле тұра қол қойған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы