Жаһан жаңалықтарына шолу
Дональд Трамп әкімшілігі Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде 28-пунктік жоспар жасау үшін Ресеймен құпия кеңес жүргізіп жатыр. Мұны Американың Axios (Эксиос) газеті хабарлады. Алайда Кремль бұл мәліметті осыдан бірер сағат бұрын жоққа шығарды.
АҚШ
Тайваньға 700 млн долларға замануи зымыран жүйесін сатқанын растады. Бұл әрекет
Бейжіңнің ашуын тудырып отыр.
Финляндияда Ресейдің «Лукойл» компаниясының 430-дай жанармай құю станциясы жабылайын деп жатыр. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, бұған АҚШ-тың санкциялары салдарынан жергілікті оператор-кәсіпорында отын қорының таусыла бастауы себепші.
Нью-Йорктегі «Сотби» аукционында
алтын дәретхана 12 миллион долларға сатылды. Жергілікті ақпарат құралдары
хабарлағандай, оны жасауға 18-караттық бағалы металл қолданылған екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы