Басты Жаңалықтар Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға 150-ден астам жұмыс беруші қатысып, тұрғындарға 2 мыңға жуық тұрақты және уақытша вакансия ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік грант иегерлері өз өнімдерін таныстырып, көпшілік алдында есеп берді.

Мемлекеттік грант алып, кәсіп бастағандардың бірі –  Айжан Әзімбаева. Ол 1,5 миллион теңгеге тігін және киіз басатын жабдықтар  алып, шағын шеберхана ашқан. Қазір өнімдерін онлайн саудалап, шеберлік сабақтарын өткізіп жүр.

Айжан Әзімбаева, кәсіпкер, грант иегері:

Үйде киім тігеміз, одан басқа қазір жүнмен де айналысамыз. Киізді де басамыз, мына үстімдегі киіз қамзол, шарф, сосын текеметті де жасаймыз.

Жас мұғалім Досымжан Қожахмет Білім басқармасы ұсынған 130-ға жуық вакансияны қарап шығып, өзіне ұнайтындарын белгілеп алды. Басқарма өкілі қосымша ақпарат беріп, enbek.kz порталы арқылы онлайн тіркелу жолын түсіндірді.

Досымжан Қожахмет, қала тұрғыны:

Жұмыс орындары көп. Өз ісінің мамандары түсіндіріп жатыр. Қандай жұмыстар бар екенін, қалай істелінетінін де. Жақсы ұсыныстар шықса, соған қарай жұмыс істейміз.

Бағдат Архабаев, Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

Осы жәрмеңкеге 350 жұмыс берушіден 1600 тұрақты жұмыс орны, 2000-ға жуық уақытша жұмыс орындары ұсынылып жатыр. Биыл мұндай қала деңгейіндегі жәрмеңке төртінші рет өтіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі биылдыққа бірінші рет түсті.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер үшін тікелей диалог алаңы болды. Бірі мамандығын ауыстыруға мүмкіндік тапса, енді бірі нақты жұмыс орнымен келісті.

Бөлісу