ШҚО-да оқушылар тұмауға байланысты онлайн оқып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында жедел-респираторлық вирустық инфекцияның өршуіне байланысты үш мыңнан астам оқушы онлайн оқуға жіберілді. Яғни, қазір өңірдегі 24 мектепте 169 сынып қашықтан оқып жатыр.
Олжас Керейхан, тілші:
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарының мәліметі бойынша өңірде 1 қазаннан 17 қарашаға дейін 46 мың адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Науқастардың 60 пайызға жуығы балалар. Яғни, дәл бүгінге дейін аймақта 28 мың бала сырқаттанған. Сондықтан облыстағы 24 мектепте ішінара сыныптар онлайн оқуға жіберілді. Облыстық білім басқармасының айтуынша, оқушылардың 30%-дан астамы науқастанса, ол сынып онлайн оқиды. Негізі жедел респираторлық вирустық инфекция Өскеменде өршіп тұр. Облыс орталығында 18 мектептің, ал Күршім ауданында 3, Ұлан ауданында 2 мектепте бірқатар сыныптар қышықтан оқып жатыр. Дегенмен эпидемиолог-дәрігерлер аймақтағы эпид-ахуалды қазір қалыпты деңгейде деп бағалап отыр. Яғни, аурушаңдық динамикасы өткен эпидмаусымның дәл осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Сондықтан облыс бойынша қосымша шектеулер немесе карантиндік шаралар енгізілмейді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр
18.08.2026, 11:03
Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады
18.08.2026, 10:08
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай – жаңа Конституцияның нақты көрінісі
18.08.2026, 10:07
Сайлауға шетелдегі отандастар белсене қатыспақ
18.08.2026, 10:06
Трамп Оманды бомбалайтынын ескертті
18.08.2026, 10:05
Колумбияда жер сілкінісінен келген экономикалық шығын 9 млрд доллардан асты
18.08.2026, 10:04
Мұнай бағасы қайта көтеріліп, 91 доллардан асты
18.08.2026, 10:03
Түркістанда 27 инвестордың құқығы қорғалды
18.08.2026, 10:03