Банктер қазақстандықтардың деректерін мемлекеттік кірістер органына береді
Енді банктер мемлекеттік кірістер органына қазақстандықтардың банк шоттары туралы ақпарат береді.
Мұндағы мақсат – адамдардың салықтан жалтармауын қадағалау және міндетті төлемдерді дұрыс әрі уақытында жинауды қамтамасыз ету. Қаржы министрлігі осыған байланысты арнайы ереже бекітті. Тәртіп бойынша банктер мемлекеттік органға мынадай мәліметтерді тапсыруы тиіс. Тұрғындардың банк шотының бар-жоғы туралы ақпарат, ондағы қаржы көлемі, ақшаның кіріс және шығыс операциялары, салық декларациясын тапсыруға міндетті тұлғалардың несие туралы деректері, жеке кәсіптен түскен төлемдер туралы ақпарат. Сондай-ақ банктер Қаржы министрлігіне электрондық тауар сатушылар туралы мәлімет ұсынуы керек. Тізім жыл сайын Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz сайтында жарияланады. Банк ақпаратты келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсыруға міндетті. Сонымен қатар енді жеке тұлғаның шотына үш ай бойы 100 мың теңгеден аса қаржы түсіп, жалпы көлемі бір миллион теңгеден асса, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатыр деп танылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы