Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
Еліміздің ғылымы бүгінде бірнеше бағытты қамтитын үлкен жүйеге айналды.
Оның қалыптасуында көрнекті қайраткер Қаныш Сәтбаевтың еңбегі ерекше. Академик Жезқазған мыс кен орнының мол қорын ғылыми тұрғыда дәлелдеп, оның әлемдік деңгейдегі маңызын танытты. Қазақтың қазба байлыққа толы дархан даласын зерттеп, ел экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына зор серпін берді. Әсіресе, соғыс жылдарында қабылдаған өндірістік шешімдері оның стратегиялық ойлау қабілеті мен ел мүддесіне адалдығын айқын көрсетті, дейді ғалымның ізбасары Әділхан Байбатша. Оның айтуынша, Сәтбаев тек геология саласын дамытып қоймай, елімізде ғылыми мектептің қалыптасуына жол ашты.
Әділхан Байбатша, Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор:
Қай салада болмасын, қай ғылымды дамытпасын, ол міндетті түрде қазақ ұлтының мүддесін қорғаған. Қай жерінің тұтастығын қорғаған. Қазақтың ұмыт болған, ұмытып кеткен, тіпті, ешкім білмейтін тасқа таңбалап салған мәдениетін бізге жеткізді.Қазақтардың баяғы ауыз екі айтып жүрген мәдени шығармаларды жазып бізге қалдырды. Осы рухани дүниені лғаш зерттеген осы Сәтбаев.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04