Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
Қарағанды облысында пилоттық телемедицина жобасы сәтті аяқталып, сандық жүйемен 117 медициналық ұйым қамтылмақ. Олардың қатарында шалғай ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Соның арқасында 200 мыңнан астам ауыл тұрғыны кардиолог, онколог, нейрохирург, травматолог және басқа да бейінді мамандардан онлайн кеңес ала алады. Пилоттық жоба облыста алғаш рет Шет ауданында бір жыл бойы сынақтан өтіп, тұрғындарға 292 диагностикалық қызмет көрсетілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елімізде 4 миллионға жуық телемедициналық қызмет көрсетілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға көп. Қазіргі уақытта қашықтан көрсетілетін ем-домның 118 түрі қолжетімді.
Ләззат Шоланова, кеңестік-диагностикалық орталықтың меңгерушісі:
Бұл бастама ауылдық медициналық пунктерден бастап, аудандық медициналық мекемелерді қамтуға бағытталған. Аймақтық орталық медициналық емханалардың онкологтарымен, кардиология, жүрек хирургия бойынша және басқа да мамандармен кеңесу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы