Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтірген күдікті бір тәулік ішінде ұсталды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам қашып кетуге тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін бір тәулікке жеткізбей анықтап, ұстаған. Бүгінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ерлан Ақбаров, облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы:
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Жас қыз мойын аймағына жасалған пышақ жарақатынан қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25