Жақында ғана Қаллеки театры Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Золотой Витьяз» байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл марапатқа өнер ұжымы қазақ тілінде қойған «Отелло» спектаклі үшін лайық деп танылды. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестивальде өнер ұжымы осымен 2-ші мәрте жоғары марапатқа ие болып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өнерпаздардың еселі еңбегін атап өтіп, еліміздің мәдениетіне қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Нұркен Өтеуіл, актер:
- Театр - елдің ортақ өнері. Сондықтан да, мұндай жеңіске әр қазақ қуану керек деп ойлаймын. Бұл - елге алып келген үлкен жеңіс.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.