Басты Жаңалықтар Үкімет отырысында геология саласын дамыту және халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі қаралады

Үкімет отырысында геология саласын дамыту және халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі қаралады

Қазақстанның сирек кездесетін металдары, соның ішінде әлемде сұраныс артқан литийді өндіруге әлеуеті жоғары. Қазір елде шамамен 5 мыңға жуық барланбаған кен орны бар. Сала қалай дамып келеді? Бүгін Үкімет отырысында осы және халықты дәрі-дәрмекпен қамыту мәселесі кеңінен талқыланбақ.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Соңғы 6 жылда қатты пайдалы қазбаларды барлауға жеке инвестицияның көлемі бірнеше есеге өсіп, былтыр 100 млрд теңгеге жетті. Десе де, бұл жеткіліксіз. Осыған дейін Премьер-министр инвестиция тарту, тиісті инфрақұрылымды дамыту және жер қойнауын зерттеуде жаңа ғылыми тәсілдерді енгізу жұмыстарын жандандыруды тапсырған еді. Атап айтсақ, жауаптыларға елдің минералды-шикізат базасын кешенді дамыту, геологиялық барлауда мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту үшін қаражат іздеу жөнінде тапсырма берді. Себебі елімізде әлі күнге дейін барланбаған 5 мыңға жуық кен орны бар. Осы жұмыстар қалай жүзеге асып жатыр, бұл сұраққа біз Үкімет отырысы барысында жауап аламыз. 
Бүгінгі Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де қаралады. Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттап, тапшылық болуы мүмкін деген түрі ақпарат айтылған еді. Себебі препараттардың өзіндік құны өседі. Демек өндірушілер дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды дайындауға қажет шикізат пен субстанцияларды импорттайды. Сәйкесінше, елге кіргізу кезінде 16% көлемінде қосылған құн салығын өтейді. Алайда төленген қаржыны есепке алып, бағаны ұлғайта алмайды. Себебі ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Ал МӘМС пен тегін көмек тізіміне енген дәрілердің бағасын мемлекет реттейді. Дәрі-дәрмектің кейбір түрлері қосылған құн салығынан босатылады деген де ақпар бар. Жиында осы және салаға қатысты өзекті мәселелер қаралмақ. Отырыстан соң БАҚ өкілдері үшін Денсаулық сақтау вице-министрі мен «СК-Фармация» серіктестігі басшысының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Тың ақпаратты алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.

 


Бөлісу