Еліміздің музейлері ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса көңіл бөлуде
Еліміздің музейлері ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса көңіл бөлуде. Бұл туралы жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін баяндаған еліміздің ірі музейлерінің басшылары айтты.
Бірнеше жыл бұрын бұл жұмыстармен Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражай ғана айналысып келген. Ал қазір бірнеше мекеме осындай құқыққа ие болыпты. Осылайша сала қызметкерлері Президент мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға тікелей ат салысуда. Зерттеу жұмыстарымен мұражайда арнайы топтасқан ғалымдар айналысады.
Ғалия Темиртон, ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары:
Музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстары академиялық ғылыми институттары мен оқу орындарында жасалып жатқан ғылыми-зерттеулерден артық болмаса кем емес. Осы уақытқа дейін біздің жұмыстардың эксперттермен жоғары бағалануы дұрыс жолда екенін көрсетеді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
