Итбалықтар вирустық инфекциядан қырылған
Каспий теңізіндегі итбалықтар вирустық инфекциядан қырылған. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті хабарлады. Өйткені жағалауды зерттеген мамандар итбалықтардың иммунитеті әлсіреп, шамамен 1 ай бұрын теңізде өлгенін болжап отыр. Ал жағаға күшті дауылдың салдарынан шығып қалған. Еске салайық, 3 қараша күні Маңғыстауда Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылған болатын. Теңіз жағалауын бақылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Қонарбай Базарбаев, облыстық Балық инспекциясы басқармасының басшысы:
Бүгін жел, ауа райы әлі қолайсыз болып тұр. Ертең тағы да мониторингке шығамыз. Мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрады. Мүмкін 112 дана деген сан өзгеруі де мүмкін. Қазіргі таңда анықталған 112 итбалық өлексесі жергілікті атқарушы органмен полигонға апарылып, жойылды. Қазір жағалау толықтай тазартылды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02