«Алтын адам» әлемнің бірқатар музейлеріне қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адам» әлемнің бірқатар музейлеріне қойылды

20.12.2018

Қазақстанның брендіне айналған «Алтын адам» биыл әлемнің 6 елінде болып, көпшілікті тәнті етті. «Ұлы дала мұрасы» атты жоба аясында еліміздің құнды жәдігерлері Беларусь пен Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея елдерінің ең ірі мұражайларында қойылды. Осылайша, екіжақты мәдени байланысты нығайту бағытында ілкімді шаруа атқарылды. Қазақтың тарихи-ұлттық жәдігерлерін тамашалауға жалпы саны 200 мыңнан аса адам келген. Шетелдік меймандар, әсіресе, аң стиліндегі алтын бұйымдарға зор қызығушылық танытыпты. Келер жылы да бұл жоба жалғасады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде бірнеше елмен келісімдер жасалған.

Ахан Оңғарұлы, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы:

- Сол жәдігерлерді сөйлету арқылы біздің мәдениетіміздің, тарихымыздың шығу тарихы ежелден екендігін, сол арқылы орта ғасырларда басқаша түрлене, дами отырып, қазақ халқына бүгінгі зергерлік өнерін жеткізгендігін көрсетуге тырыстық.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу