Сенат Қазақстан мен Марокко арасындағы бірқатар келісімді мақұлдады
Қазақстан мен Марокко сотталғандарды ұстап беру, қайтару туралы келісімге келді. Енді екі елдің бірінде заңға қайшы әрекетке барғандар жазасын өз елінде өтейді. Бүгін Сенат тиісті заңды мақұлдады. Ал сотталған адам елге қайтудан бас тартса, еркінен тыс әкелуге тыйым салынған. Бірақ саяси астары бар не ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасағандар өз еліне баруға ниет білдірсе де, жазасын сол мемлекетте өтейді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бұл келісімдер қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта осы заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00