Орманшы: Бастысы өрт болмаса екен
Орманшы Қайрат Бегімбетов ширек ғасырдан бері Іле Алатау қорығының тау-тасын, орман суын күзетеді. Ол табиғат ананы келер ұрпаққа аман жеткізу үшін әр аптада 500 гектар аумақты шолып шығады. От қаупінің алдын алады, табиғаттың тазалығына атсалысады. Өз білгенін ұлына да үйретіп, орманшы тәрбиеледі. Осылайша табиғаттың тыныштығын қорғау атадан балаға жалғасқан мәртебелі кәсіпке айналды.
Қайрат Бегімбетов, орманшы:
Ат – ер қанаты дейді. Мынау - менің серігім. Өртке де шығамыз, айналымды да қараймыз. Су да тасимыз өрт кезінде.Алғашқы жұмыс таңертең сағат 8-ден басталады. Өзімізге берілген 533 гектар аумағым бар. Соны атпен жүріп өтуім керек.Жұмысымның мәні – осы табиғатты, ата-бабамыздан қалған аманатты сақтау. Ең бастысы – өрт болдырмау. Өйткені осындай табиғатты өрт шарпыса, онда келесі ұрпаққа не қалдырамыз?1997 жылы орман шаруашылығына келдім. Ол кезде 27 жаста едім. Әкем марқұмның ұсынысы болды орманшы боласың ба деген. Сол кезде мен осы орман шаруашылығынан бірде-бір хабарым жоқ еді. Салада ширек ғасыр ғой, жарты өмірім өтті.2 балам бар. Осы салада жұмыс істеп жүріп, балаларымды үйлендірдім, қызымды тұрмысқа бердім. Екінші балам маған қарап, осы орманшылыққа бет бұрды. Өйткені балам кішкентай кезімнен бірге болды ғой. Бірге өсті. Менімен бірге орман шаруашылығындағы жұмыстарға барды. Күтіп-баптау жұмыстарын, шыршаларды, балашықтарды отырғызу - барлығын көрді. Сосын әке мен де осы саланы таңдаймын деді. Енді не айтамын? Ақ жол дедім. Батамды бердім.Осы Іле Алатау табиғи паркінде елігіміз, маралымыз көбеюі керек. Өйткені осы табиғаттың ішінде олар болмаса, бұл табиғаттың да сәні келмейді. Табиғаттың ішіндегі жан-жануарды тек орманшылардың міндеті емес, адамзат баласы қорғауға міндеттіміз. Бізден кейінгі ұрпақтарға үйретуіміз керек, соларға қалдыруымыз керек.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54