А.Қалиев: «Алтын домбыра» – Торғай өңіріне ортақ қуаныш
Айтыс сахнасында 32 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ақтаңгер ақын Айбек Қалиев «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысында «Алтын домбыра» иегері атанды. Жарыс барысында Мейірбек Сұлтанхан «Осы алтын домбырамен Торғайдың алтын дәуірі басталсын» деп жақсылыққа ырымдаған орамды ой айтқан еді. Екі күнге созылған айтысты Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті. Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Айбек Қалиев, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» сыйлығының иегері:
Биыл Міржақып атамыздың тойы болып жатыр елімізде. Сосын жалпы президентімізден бастап, үкіметтің назары осы Торғай өңіріне ауып жатыр. Дәл сондай жағдайда жеңістің тұғырынан көрініп алтын домбыра апару елімізге бір қуаныш сыйлайды деп ойлаймын. Екіншіден біз де 32 жыл жүріппіз айтыстың сахнасында, бір әдемі тонда, осы 32 жыл жүрген өнер жолын аяқтасақ, ол да бір адам өміріндегі, өнер адамының өміріндегі керемет жетістік деп ойлаймын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сурдлимпиада ойындарының басталуына 1 ай қалды
20.10.2025, 17:36

«Капитан Байтасов» фильмі прокатқа шығады
20.10.2025, 17:32
Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
20.10.2025, 17:30
Астана оқушылары қайта өңделетін материалдардан бұйым жасады
20.10.2025, 17:25
Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына бір ғасыр болды
20.10.2025, 17:22
Республика күні – ел еңсесін көтеретін мереке
20.10.2025, 17:20
Қарағанды облысында мемтапсырыспен салынған үйлер сапасыз болып шықты
20.10.2025, 17:17
ШҚО-да биыл 425 рет жәрмеңке ұйымдастырылған
20.10.2025, 17:15