«Қайрат» - «Пафос»: Билет алыпсатарларына тосқауыл қойылады
Чемпиондар лигасы аясында Қайрат кипрлік «Пафос» командасымен кездеседі. Ойын 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Футбол жанкүйерлері «Клубтар арасындағы кездесу жақындаған сайын алыпсатарлар да көбейіп барады»,- деп алаңдаулы. Түрлі телефон қосымшаларында билет құны екі есе қымбат бағаға саудаланып жатыр. Ал негізгі билет сату платформасының өкілдері алыпсатарларға қарсы жүйені жетілдіріп жатырмыз дейді.
«Қайрат» пен әйгілі «Реал Мадрид» кездесуінен кейін көпшілік билет алуға сақ қарай бастады. Себебі, қыруар қаржы жұмсап, стадионға кіре алмай қалғандар көп. Кейбір жанкүйерлер, тіпті, билетке 1 млн теңгеге дейін төлепті. Енді жұрт алдағы «Қайрат» пен «Пафос» ойынында жағдай қайталанбаса екен дейді.
Чемпиондар лигасының ойыны әрқашан қызықты болады. Бірақ алыпсатарлар
билеттерді сатып алып, қымбатқа сатады.
ОЛХ-та немесе көшелерде алыпсатарлар көбейіп жатыр. Ол қылмыс деп ойлаймын.
Қайрат пен Пафос ойынында алыпсатарлар билетті көптен сатып алып, оны
қымбатырақ сатады. Мен билет алар кезде ол маған бағасын 3 есе қымбатырақ
сатайын деді.
«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы кездесуге билеттер ресми сайттарда саудаға
шықты. Ең арзан орын 30 мың болса, ең қымбаты 250 мың теңгеге сатылып жатыр.
Стадионда бос орын көп. Алайда алыпсатарлар қазірдің өзінде кіру құнын көтеріп,
саудаға шығарып жатыр дейді жұрт. Оны тексеру мақсатында біз де бірнеше
хабарландыру бойынша хабарласып көрдік.
20 сектор , 13 қатар 80 мың теңгеге 2 билет. 60 алдым енді 80 мыңға беремін.
4 билетті 120 мың теңгеге алдық. Алатын болсаңыз 180 мың теңгеге береміз.
Билет сату жүйесінің өкілдері жалған билеттерге жоламауға шақырады. Себебі,
стадионға кіре алмауыңыз мүмкін.
Делдалдардың жолын кесу үшін сауда платформасына бірнеше өзгеріс
енгізілген.
Ксения Соколова, «Ticketon-events» компаниясының бас директоры:
«Біздің арнайы қосымшамызда билеттерді бет-әлпет арқылы сәйкестендіру жүйесі,жеке сәйкестендіру номері арқылы сатамыз. Бұл - қауіпсіздік үшін маңызды қадам. Сондай-ақ қосымшамызда билетті көшіру мүмкіндігі жойылуы мүмкін. Бұл билетті бірнеше адамға таратудың алдын алады.
Осылайша компания тарихи матчтар мен әлемдік жұлдыздардың концерттерінде қауіпсіздікті күшейтіп, алыпсатарлықпен күресті жолға қоймақ. Ал тұрғындарға билетті тек ресми сайттан сатып алуға кеңес береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
