Басты Жаңалықтар Алматылық еңбек адамы 170-тен аса ғылыми еңбек жазған

Алматылық еңбек адамы 170-тен аса ғылыми еңбек жазған

Алматылық Алшын Алтыбаев – ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан ғалым. Ол 10-ға жуық өнертабыс ойлап тапты, 170-тен астам ғылыми еңбек жазды. Қазір маман шаруаларға тиімді жаңа құрылғы әзірлеуде. Нағыз еңбек адамы әзірлеген технология шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті арттырады

Алшын Алтыбаевтың кезекті өнертабысы – зиянкестерді жоятын жәндік дернәсілдері салынған капсуланы шашатын арнайы құрылғы. Бұл технология егін шаруашылығы үшін таптырмас құрал. Өнім көлемін арттырып, уақытты үнемдейді. Ғалым бұл жобасына екі жылын арнапты. Келер жылы диқандар игілігіне ұсынуды жоспарлап отыр.

Алшын Алтыбаев, техника ғылымдарының докторы:

Қазақстанға әзірге келе қоймады. Бұрынғы дәстүрлі әдіспен қолмен шашады мұны. Қазір біз осы жұмысты қолға алып жатырмыз. Басқа елдерде болып жатқан осы бағыттағы жұмысты зерттеп жатырмыз. Біраз нәрсені жүзеге асырып жатырмыз. Құрлысын жасап шығардық. Дронмен тәжірибе жүргіздік.

 Алшын Алтыбаев ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда 50 жылдан астам еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында 500-ге жуық шәкірт тәрбиелеп, жас мамандарға автоматтандыру мен агросекторды жетілдірудің қыр-сырын үйретті. Бүгінде оның ізбасарлары салада табысты еңбек етіп жүр.

 Гауһар Әлмұғамбетова, «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің аға ғылыми қызметкері:

Кітаптарды, кітапхананы, интернет жүйесін бәрін зерттейміз. Ол зерттегеннен тапсырмалар алдымызға қояды. Ол біздің бас. Ең бастысы бізге жұмыстарды бөліп беретін кісі. Ол қатал кісі бірақ жұмысқа келгенде ғана қатал. Сол үшін жобалар тиянақты өтеді деп айта аламын.

 Алшын Алтыбаев ауыл шаруашылығын инженерлік-техникалық тұрғыда дамытуға зор үлес қосты. Оның ендігі жоспары жасанды интеллект пен үлкен деректер қорын әзірлеу. Осылайша шаруалар егіннің өсуін, зиянкестердің таралуын және ауа райы жағдайын нақты талдап, тиімді шешімдер қабылдай алады.

Бөлісу