Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті
Саммит аясында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей біздің экономикаға қаржы құйып отырған негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Қос елді стратегиялық серіктестік және жоғары деңгейдегі достық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады деді Мемлекет басшысы. Ал Владимир Путин екіжақты форматтағы осындай жүздесулер өзара ынтымақты дамыту үшін пайдалы болатынына сенімді екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
12 қараша күні сіздің шақыруыңызбен Ресейге ресми сапармен барамын. Біз бұған ерекше мән беріп отырмыз. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға тың серпін береді деп ойлаймын. Менің Ресейге жасайтын сапарымның алдында өзара сауда көлемі жоғары деңгейге жетті. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 22 миллиард долларға жуық 114 жобаның іске асырылғанын мысалға алсақ та жеткілікті.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі. Өз тарапымнан Қазақстан-Ресей байланыстарын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтамын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06