Ақмола облысындағы «Семізбай -U» кеніші жылына шамамен 406 тонна уран өндіреді
Ақмола облысындағы «Семізбай-U» кеніші жылына шамамен 406 тонна уран өндіреді.Өндіріс орнында 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Жазық даладағы 360 гектар жерде 1400-ге жуық ұңғыма бар. Уран мұнда жерастынан сілтілендіру әдісімен өндіріледі. Яғни, 180 метр тереңдіктен шикізатты кеннен айырып, сорып шығарады. Барлық үдеріс автоматтандырылған. Дегенмен қол еңбегі де қажет.
Қайыр Сарғұлақов,
компрессорлық қондырғылардың маманы:
Семізбай кенішінде 2010 жылдан бастап осы күнге дейін жұмыс істеп жатырмын. 15 жылдай уақыт болды. Менің негізгі жұмысым – компрессорлық мамандығы. Компрессор мамандығы жөнінде айта кетсем, ұңғымадағы фильтрлерді тазалау бойынша жұмыс жасаймыз.
Бауыржан Алқамбаев,
жұмысшы:
Мен Семізбай кенішінде 12 жыл жұмыс істеймін. Содан бері Қайыр екеуіміз иық тіресе еңбек етеміз. Мен жер асты ұңғымасындағы қондырғыларды жөндеймін. Жалпы, жұмысшы мамандықтары өте маңызды, керек мамандықтар ғой. Еңбекқорлықты талап етеді. Бүгінде жастар заңгер, есепші болғысы келеді. Бірақ маңдай тер төгіп біз сияқты жұмыс істеген жақсы ғой.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза бейсенбі» экоакциясы жалғасуда
09.10.2025, 13:20

Бүгін – Еуропалық донор күні
09.10.2025, 13:17
Түркістан облысы, Созақ ауданында «Келешек мектеп» салынды
09.10.2025, 13:13
Өзбекстанда басшылық лауазымдағы шенділер қысқартылады
09.10.2025, 13:10
Израиль мен ХАМАС бейбіт жоспардың алғашқы кезеңін іске асрыуға келісті
09.10.2025, 13:07
Қатар еліне мұнай және газ саласына жұмысқа баруға болады
09.10.2025, 13:05
Ең төменгі жалақы ₸99 мың теңгеге өседі
09.10.2025, 13:02
Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам қаза тапты
09.10.2025, 13:00