Ресейде 20 мың бала мектепке қабылданбады
Ресейде еңбек мигранттарының балалары мектепке қабылданбады. Барлығы 20 мың балаға орыс тілін жетік білмегендіктен, орта білім алуға рұқсат етілмеді. Яғни, мектепке оқуға құжат тапсырған шетелдіктің 87 пайызы емтиханнан өтпеген. Ал Мемлекеттік Думада жұмыс істеуге келетін еңбек мигранттарының отбасыларына Ресейге кіруге тыйым салу керектігі талқыланып жатыр. Сонымен қатар шетелдіктерге еңбек патентін беруді тоқтату мәселесі де қаралуда. Жыл сайын көрші елге 10 миллионға жуық шетелдік жұмыс істеуге баратын.
Вадим Коженов, Сарапшы:
11 өңірде еңбек мигранттарына жұмыс істеуге тыйым салатын қосымша шектеу енгізілді. Бір ғана Краснодар облысында 85 мамандық бойынша еңбек мигранты жұмысқа алынбайды. Өткен жылы бірқатар өңір шетелдіктерге такси қызметінде жұмыс істеуге тыйым салды. Жалпы, Ресейде алдағы уақытта да еңбек мигранттарына қатысты шектеулер артады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18