Өндірістегі жас қызметкер грант жеңіп алды
Ақмола облысындағы уран өндіретін кеніште химиялық талдау зертханашысы болып еңбек ететін Аяжан Жамкенова өндірістегі үздік жас маман атанды. Оның жасаған химиялық талдауларының дәлдігі өндірістің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Физика-химиялық зертхана – уран өндіретін кеніштің нағыз жұрегі десе болады. Себебі уран жерасты ұңғымаларын сілтілендіру арқылы өндіріледі. Зертханада күніне 250-ге тарта сынамаға талдау жасалады. Сондықтан зертханашының жұмысы үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты талап етеді.
Аяжан Жамкенова, зертханашы:
Маған жұмыс өте қатты ұнайды. Әр күн маған сынақ болып келеді. Әр күн нәтижесі дұрыс болуы керек. 100 пайыз дәл болу керек. Біздің жұмыс өдірістің сапасына тікелей байланысты болып келеді. Сол үшін біз мұқият болу керекпіз.
Аяжан Жамкенова жуырда республикалық жастар форумына қатысып, 500 мың теңге көлеміндегі грант жеңіп алды. Жас маманның жұмысшы жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешудегі ұсынысы үздік деп танылды.
Аяжан Жамкенова, зертханашы:
Мен үстел ойындары әдісімен шешуді ұсындым. Сол ойынды ұжыммен бәрі бірге ойнайды. Әркім карточка алғанда уация болады. Сол ситуацияны бәрі бірге қарастырады.
Аяжан ұжымдағы кез келген мәселені ушықтырмай ақылдаса отырып, шешу керек деп санайды. Жас маман өзінің білімі мен ойының ұшқырлығының арқасында ұжымға сіңісіп, білікті мамандардың біріне айналды.
Әлия Ерғали, инженер-химик, талдаушы:
Аяжан өзін жақсы, алғыр маман ретінде, жауапты маман ретінде көрсетті. Біздің кенішімізде жастарды жақсы қолдайды. Барлық жағдай жасалған. Қолданылатын әдістерді лабораторияда немесе кеніште енгізілген жағдайда ақшалай сыйақы беріледі.
Бүгінде Аяжан Жамкенова кеніштегі вахталық жұмысын магистратурадағы оқуымен шебер үйлестіріп жүр. Бос уақытын диссертация жазуға арнайды. Себебі ол елдің игілігі үшін осы саланы толық игеріп, мықты инженер болғысы келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
