200-ден астам көкшетаулық сенбілікке шықты
Қазақстандықтар 150-ден астам елдің қатарында «World Cleanup Day» дүниежүзілік экологиялық акциясын қолдап, сенбілікке қатысты.
Көкшетауда өткен тазалық шарасына 200-ден астам адам жиналып, Бұқпа тауын күл-қоқыстан тазартып, әсем мекеннің экологиясына өз үлестерін қосты. Жалпы, республикалық акция басталғалы өңірдегі барлық аудан мен ауылдардан шамамен 80 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 62 мың түп ағаш отырғызылды.
Темірлан Меңдібай, қала тұрғыны:
Елімнің патриоты ретінде «Таза Қазақстан» акциясының бірде-бір сенбілігін өткізіп алған емеспін. Барлық шараларға шамам келгенше белсенді қатысып жүрмін. Бұл – тұрғылықты мекенді, туған жерді, Қазақстанды, Көкшетауды таза ұстауға деген жүректегі патриотизм мен елге деген махаббат деп білемін. Осындай акцияларға қатысу арқылы біз жақсы әдеттерді қалыптастырамыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25