Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарының алғашқы легі елге оралды. Англияның Ливерпуль қаласында өткен былғары қолғап бәсекесінде ел мерейін асқақтатқан спортшыларымыз Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды бүгін таңертең астаналықтар күтіп алды. Көк туды биікте желбіретіп, Әнұранымызды әлемге тыңдатқан саңлақтарға жұртшылық жылы тілегін жаудырып жатыр.
Бұл жолғы жаһандық жарыста жерлестеріміз тарихи жетістікке жетті. Қазақстан 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы есепте көш бастап тұр. Әсіресе аса ауыр салмақтағы алғашқы алтынның орны ерекше. Айбек Оралбай талай жылдан бері өзбек боксшылары еншілеп алған салмақта топ жарды. Осылайша қазақ боксшылары әлемдік аренадағы үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айбек Оралбай, бокстан Әлем чемпионы:
Аса жауапкершілікпен рингке шықтым. Жаттықтырушылар қыздыру жасап жатқанда келіп: «Бұл – сенің ең соңғы жекпе-жегіңдей болсын. Қазір есеп 6:6, сенің жекпе-жегің бәрін шешеді. Командалық бірінші орынды аламыз», - деп, жігер берді. Сол сөз маған қатты әсер етті. Эмоцияға беріліп, тек жеңіске деген құштарлықпен рингке шықтым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
