Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
Биыл еліміздің мектептерінде оқушыларға жасанды интеллектіні сауатты пайдалануды үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізіліп отыр.
Жасанды интеллектімен жұмыс істеу – артықшылық емес, қажеттілікке айналды. Сондықтан биыл Көкшетаудағы №20 мектеп-гимназиясының ұстаздары жасанды интеллектіні сабақта пайдалану бойынша білімін жетілдіріп, арнайы оқу курсынан өткен. Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер сабаққа дайындалуға кететін уақытымызды барынша үнемдеп отырмыз дейді. Енді информатика мұғалімдері алған білімін оқушыларға үйретуді қолға алып отыр. Қазірдің өзінде оқушылар жасанды интеллектінің көмегімен арнайы тақырыптар бойынша презентация жасап жүр.
Минас Ерланұлы, информатика пәнінің мұғалімі:
ЖИ бойынша сабақты жүргіземін. Сол жерде біздің оқушылардың ЖИ функционалды өмірде қолдануы, қандай ЖИ тиімді тұстарын үйрету жұмыстары жүргізіліп басталды деп айтуға болады. Білесіздер, күні кеше ғана Президентіміздің Жолдауында ЖИ барлық салада толыққанды қолдануды тапсырма берген болатын. Осы орайда педагогтар қауымы бастап кетті.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Balkhash Tour Fest» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
20.06.2026, 20:09
Қазақстандық жас математиктер халықаралық олимпиадада топ жарды
20.06.2026, 20:09
Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығына - 5 жыл
20.06.2026, 20:08
5 мың сәбидің кіндігін кескен акушер
20.06.2026, 20:06
Қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
20.06.2026, 20:05
Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғауды күшейтетін заңға қол қойды
20.06.2026, 20:05
Жылына 70 мың тонна шикізат өңдейтін кәсіпорын ашылды
20.06.2026, 20:05
Шымкентте 4 өндіріс орны ашылды
20.06.2026, 20:04