Атырауда Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті

16.11.2018

Атырауда ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті. Скрипка ханшайымы кеш шымылдығын италиялық композитор Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» шығармасымен ашты. Концертке түрлі өнер ұжымдары келіп, көрерменді аспаптың сиқырлы үніне елітті. Ал, скрипкада ойналған Құрманғазы бабамыздың «Адай», «Төремұрат» күйлері өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөледі. Халық әртісі жиналған көрерменге танымал әлем классиктерінің туындыларын орындады. 

Айман Мұсақожаева, ҚР Халық әртісі:

- Концертіміздің Қазақстанның әрбір жерінде өткіземіз. Жастарымызды, студенттерімізді, жалпы барлық халықты осындай концерттерімізге шақырамыз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу