Астанада Ғазиза Жұбанованың мерейтойлық концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ғазиза Жұбанованың мерейтойлық концерті өтті

29.10.2022

Бүгін Астанада Қазақстанның халық әртісі, сазгер Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған концерт өтті.

Ғазиза Жұбанова қазақ классикалық музыкасының негізін қалаушысы, композиторлар мектебінің дамытқан сазгер. Отандық өнерге өзіндік қолтаңбасы бар композитор театр, балет және киноға арнап музыка жазған. Бүгінгі шығармашылық кеште оның романтикаға тұнып тұрған әуендері шырқалып, шәкірттерінің шығармалары орындалды. Өнертанушылар мен композиторлар Ғазиза Жұбанова қазақ музыкасының сарқылмас мұрасын қалдырып, қоғамдық өміріне белсене атсалысқан ерекше қамқор жан болғанын айтты.

Төлеген Мұхамеджанов, композитор:

Бетке ұстар музыканттарымызға жол ашып, соларға шын айтқанда қамқорлық жасады. Соның біреуі, мысалы бүгінгі күні Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова. Сол секілді көптеген біздің замандас музыка саласындағы азаматтардың барлығы Ғазиза Ахметованың қолынан дәріс алды. Ол кісі көмектесті, аянбай көмектесті.


Хабарламаларға жазылу