2016 жылы ҚазҰӨУ Халық шығармашылығы және дәстүрлі мәдениеттің халықаралық конференциясын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы ҚазҰӨУ Халық шығармашылығы және дәстүрлі мәдениеттің халықаралық конференциясын өткізеді

29.12.2014
2016 жылы ҚазҰӨУ Халық шығармашылығы және дәстүрлі мәдениеттің халықаралық конференциясын өткізеді

Бүгін Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Халық әртісі, профессор, Қазақ өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның  қатысуымен брифинг өтті.

Онда  Қазақ Ұлттық өнер университетінің жетістіктері мен жаңалықтары турасында сөз болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, биыл ҚазҰӨУ-нің 550-ге жуық студенті халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 2014 жылы университеттің 11 оқытушысы мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.

Тағы айта кетерлік жайт, оқу ордасының оқытушылары мен студенттері 37 шетелдік, ҚР мен ТМД елдерінде өткен 156 конкурстың жеңімпазы атанды. Соңғы үш жыл ішінде студенттер мен оқытушылар 133 концерт өткізсе, оның 48-і Қазақ Ұлттық өнер университетінің қабырғасында өтті.

Ал, 2016 жылы ҚазҰӨУ Халық шығармашылығы және дәстүрлі мәдениеттің халықаралық конференциясын өткізбек.

Хабарламаларға жазылу