Ғылым мен экономика арасында байланыс нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ғылым мен экономика арасында байланыс нығаяды

Ғылым мен экономика арасында байланыс нығаяды

Елімізде ғылым мен экономика арасындағы байланыс нығая түседі. Себебі бизнеспен бірлескен жобалардың үлесін 20 пайызға жеткізу міндеті тұр. Ол үшін ғалымдар ірі отандық кәсіпорындармен келісімшартқа отырады. Бұл кәсіпкерлерге де тиімді. Зерттеулерге инвестиция салатын компаниялар үшін 150% салық шегерімі қарастырылған. Бүгінде ғылым саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтырдан бері ғалымдардың жалақысы 18 пайызға өскен. Ал ғылыми атақтары үшін берілетін үстемақылары «қауымдастырылған профессорлар» үшін 20, «профессорлар» үшін 50 айлық есептік көрсеткішке жетті. Ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге ұлғайды. Осының арқасында 800-ден астам ғалым әлемнің үздік орталықтарында тағылымдамадан өтті. Ғылыми жабдықтардың 14 пайызы жаңартылды.

Бөлісу