Саясаттанушы: ШЫҰ саммиті – ортақ мүдде алаңы
Қазақстан ШЫҰ аясындағы бастамаларға үнемі белсенді қолдау көрсетіп келеді. Ұйым ұстанымында өзара сенім, ортақ мүдде, көпжақты әріптестік қағидаттары басым.
Сарапшылар биылғы саммитте де жаңа бастамалар мен серпінді қадамдар болады деп болжап отыр. Саясаттанушы Думан Жекеновтің пікірінше, ШЫҰ – дамушы мемлекеттермен саяси, сауда-экономикалық, мәдени байланыстарды арттыруға арналған тиімді алаң. Сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуда да ұйымның маңызы артып келеді. Алдағы кездесу осы бағыттағы ортақ бастамаларды тағы бір мәрте айқындай түспек, дейді саясаттанушы.
Думан Жекенов, саясаттанушы:
Қазақстан үшін және дамушы мемлекеттер үшін, ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бұл – үлкен платформа. Ең бастысы - бейбітшілікке арналған платформа. Шанхай саммиті - бұл интеграция деңгейінде тек қана екіжақты қарым-қатынас емес, керісінше көпжақты қарым-қатынас, оның ішінде аймақтық қатынас ретінде жаңа серпілістер әкеледі.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04