Ата Заң – саяси тұрақтылық негізі
Конституция азаматтар құқығын қорғап, заң үстемдігін орнатады. Бұл – саяси тұрақтылық пен ел дамуының негізі. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында мерекеге орай арнайы жиын өтіп, үздік мамандарға құрмет көрсетілді.
Бүгінгі салтанатты шарада қоғамның дамуына сүбелі үлес қосып, табысты еңбек еткен мамандар марапатталды. Соның бірі – Руслан Нармағамбетов, 15 жылдан бері заң саласында жұмыс істейді. Ай сайын 100-ге жуық тұрғынның мәселесін қарап, заң аясында шешуге атсалысады.
Руслан Нармағамбетов, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы:
Әрбір азамат Конституцияны өз деңгейінде пайдаланып, онда көрсетілген нормалар мен баптарды сақтауы тиіс. Сонда ғана біз құқықтарымызды уақытылы әрі нәтижелі қорғай аламыз.
«Еңбекшіқазақ ауданына биыл 52 млрд теңгенің инвестициясы тартылды, 36 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Атқарылған шаралар Ата заңның жүйелі іске асуының арқасы», - дейді Еңбекшіқазақ аудандық Мәслихатының депутаты Мейрамгүл Қонысбаева.
Мейрамгүл Қонысбаева, Еңбекшіқазақ аудандық Мәслихатының депутаты:
Ата заңымызда көрсетілгендей, ең басты байлығымыз бұл – халық. Халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында түрлі шара атқарылып жатыр. 30 жылдан бері Конституцияға бірнеше өзгеріс енгізілді. Дегенмен де барлығы әр адам үшін құқығын қорғайтын ең басты құжатымыз деп сенемін.
Конституция мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне жол ашады. Ел бірлігін бекемдеп, азаматтардың құқығын қорғауға негіз болады. Бұл құжат қоғамдағы әділдік пен теңдікті қамтамасыз ету жолында маңызды тетік.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
