Ресейде Абайдың екі ескерткіші бар, Мәскеу және Қазан қалаларында. Қазақтың ұлы ақынының шығармалары орыс, башқұрт, татар тілдеріне аударылып, шетелдіктер тарабынан қызығушылыққа ие. Мамандар Абай шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттауымыз керек, - дейді.
Флёра Сайфулина, ҚФУ филология және мәдениетаралық коммуникация институтының татар әдебиеті кафедрасының меңгерушісі:
Абай Құнанбайұлы қазақтың ғана емес, барлық әлем әдебиетінің дамуына үлес қосқан тұлға. Ол Некрасов, Пушкин, Байрон, Гётенің де шығармаларын қазақ тіліне аударған. Абайдың шығармалары ерекше. Оның қара сөздерін үнемі оқып, жадымызда сақтаймыз.
Гюнель Азизова, студент:
Біз студенттер Абай шығармаларын зерттеп, үнемі оқимыз. Мен өзім әзербайжан ұлтының өкілімін. Абай біз үшін ұлы ақын. Әсіресе жастарға өсиеті, оның қара сөздері жүрегімнің түбінен орын алады. Сондықтан алдағы уақытта түрік халықтарының әдебиеті, Абай мұрасын зерттеуге ерекше көңіл бөлмекпін.
Индира Бегайдар
