15 наурыз Конституция күні болып белгіленді
15 наурыз Конституция күні болып белгіленді. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесуінде айтты. Президент жаңа Конституция, ең алдымен жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды. Кездесуде белсенді жастар сөз сөйледі. Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз! Сонда келесі жылы бұл дүйсенбі күні болады ғой? Амандық болса, бәріміз жиналып тойлаймыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16