Референдум күні 585 сәби дүниеге келді
Референдум күні елімізде 585 сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелердің екеуі егіз болса, 310-ы ұл және 275-і қыз бала. Маңызды күнде Алматы қаласы мен Түркістан облысындағы аналар 76 сәби босанған. Ал Шымкентте 65, Астанада 45 нәресте өмір есігін ашты. Бала туу көрсеткіші жоғары Түркістан қаласында аналар 16 сәбиді дүниеге әкелді. Қазір нәрсетелердің де, аналарының да жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Референдум күні ана атанғандардың бірі Арай Махашева 19 жаста. Ол еліміз үшін маңызды күні өзінің тұңғышын өмірге әкелді. Ұлына ата-анасы Арслан деп есім беріпті. 2 келі 600 грамм салмақпен туған сәби қазір анасының жанында.
Арай Махашева, Түркістан тұрғыны:
Референдум күні босану мен үшін күтпеген жағдай болды. Бір жағынан сәбиіміз өмірге келіп, отбасымызды қуанышқа кенелтіп жатса, екінші жағынан еліміз үшін маңызды күн. Бұйыртса, көпбалалы ана атанғым келеді. Алдағы уақытта балаларымыздың, еліміздің өсіп, дамып, жақсы ел, жақсы азамат азаматша болып кетсін.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05