Шымкентте «Жарамазан Fest» басталды
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Шымкент қаласында «Жарамазан Fest» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Рухани мұраны ұлықтаған шараға еліміздің бірқатар өңірінен келген 11 өнер ұжымы қатысып, екі кезең бойынша бақ сынауда. Алдымен қатысушылар сахналық көрініспен өңірлік нақыштағы жарамазан жырларын орындайды. Кейін салт-дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынайды. Сонымен қатар, шара аясында кітап және қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, арқан тарту, асық ату, асау мәстек пен бес тас ұлттық ойындарынан жарыстар өтеді.
Абылай Бөріханов, қазылар алқасының төрағасы:
Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасын тауып жатқан салт-дәстүріміз бұл. Әр тұрғылықты жеріне байланысты мақамсаз өзгеріп тұра береді. Ал енді орындаушылық шеберліктеріне байланысты бәрі жоғары деңгейде деп айта аламын.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16