Көкшетауда теміржолшылар марапатталды
Тамыз айының алғашқы жексенбісі Көлік қызметкерлерінің күні. Бүгін Көкшетауда темір жол саласында аянбай еңбек еткен үздіктер марапатталды.
Бұл күні 60-тан аса маманның еңбегі еленді. Олардың ішінде елдің алғысына бөленіп, үздік теміржолшы төсбелгісін таққандар да бар. Сала ардагерлері де назардан тыс қалмады. Мәселен, Серік Сүлейменов «Үздік теміржолшы» атағының иегері. Ол әкесінің жолын жалғап, өмірінің 43 жылын шойынжолға арнады. Теміржолшылар әулетінің осымен 3-ші ұрпағы аталарының еңбегін жалғастырып келеді,-дейді ол.
Серік Сүлейменов, теміржол саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Інілеріміз, апаларымыз, әкелеріміз күллісі теміржолда жұмыс істеген. Әкем бастады. Соғыс ардагері, соғыстан келгесін, теміржолға жұмысқа кіріп, содан кейін біз өсіп, 7 баласы күллісі теміржолда істеді. Одан кейін әкеміздің немерелері жұмыс істеді, солай жалғастырып жатырмыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Данияр Жұмағұлов
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25