Батыс Қазақстан облысында татардың Сабантой мерекесі кең көлемде өтті. Шараға Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов бастаған делегация қатысты. Облыстың Татар елімен ынтымақтастығы артып келеді. Соңғы үш жылда өзара тауар айналым 200 млн. АҚШ долларын құрады.
Іскерлік форумда екіжақты байланысты нығайту жолдары талқыланды. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестік жөнінде екіжақты келісімге қол қойылды. Нақтырақ айтқанда, оралдық «Зенит» зауыты мен татардың «Ақ барыс» кеме жасау корпорациясы арасындағы байланыс арта түспек.
Рустам Минниханов, РФ Татарстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан мен Татарстан арасындағы әріптестік қатынас қарышты. Бұл кешенді жұмыстың жемісі. Енді БҚО-мен байланыс беки түспек. Атап айтқанда, кеме жасау ісінде, туризм саласында өзара тәжірибе алмасуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта сауда-экономикалық қарым-қатынасты өрістетіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеміз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.