Өткен демалыс күндері астаналықтар қостанайлық театр әртістерінің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Ілияс Омаров атындағы Қостанай драма театры елордаға гастрольдік сапармен келді.
Театр ұжымы жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Қайырымды қаладағы қарлығаштар» және «Мұңмен алысқан адам» драмасын қойды. Қойылымның алғашқысы қазақтың жас астанасының қалай тұрғызылып, қалай қалыптасқаны жайлы баяндайды. Бас кейіпкері архитектор жігіт.
Ал, «Мұңмен алысқан адам» драмасына оралмандардың тағдыры арқау болған. Шекараның ар жағында ата жұртын аңсап жүрген ақсақалдың сағынышы, ұрпағым өзінің атамекенінде тамырын жайса деген ниеті баяндалады.
Жолтай Әлмашұлы, жазушы, драматург:
Бұл театрдың Астананың 20 жылдығына тартуы, рухани сыйы деп айтуға болады. Бұл шығарма Астанада басталып отыр. Бұдан кейін Қарағанды облысына, Алматыға барамыз деп отырмыз. Сосын Түркістанға шашу жасаймыз деп отырмыз.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.