Қазақстан сирек кездесетін металдар қоры бойынша үштікке кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан сирек кездесетін металдар қоры бойынша үштікке кіре алады

22.07.2025

Қазақстан сирек кездесетін металдар қоры бойынша үштікке кіре алады. Мәселен, Қарағанды облысындағы Күйректікөл кен орны геологтардың ерекше назарын аударып отыр. Аталған учаскеде 935,4 мың тоннаға дейін сирек металл болуы мүмкін. Тіпті, ондағы нақты қор 1 миллион тонна деп болжануда. Ал Астанадан шамамен 420 шақырым жердегі «Жаңа Қазақстан» кен орнындағы 20 миллион тонна кеннің 12%-ын неодим, церий, лантан және иттрий сияқты ауыр сирек металдар құрайды. Егер аталған кен орнындағы қорлар расталса, еліміз сирек кездесетін жер металдарының қоры бойынша Қытай мен Бразилиядан кейін үшінші орында болады, деп жазады Reuters. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, 2030 жылға қарай сирек металдарға сұраныс 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 315 мың тоннаға жетуі мүмкін.

Бибінұр Әмірханқызы 

Хабарламаларға жазылу