Ресейдің ірі мегаполистерінде пәтер құны аспандап кетті. Жаңа үйлерде шаршы метр құны бір миллион рубльге дейін барады. Мұндай жағдай 16 мегаполистің онында тіркелген. Мәселен, Мәскеуде шаршы метрі 2 миллион рубль. Яғни, 12 миллион теңгеден асады. Тұрғындар пәтер сатып алу мүмкін емес екенін айтса, банктер енді ипотека беруді қиындатпақ. Яғни, Ресей азаматы тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша ғана ипотека рәсімдей алады. Салдарынан жалға берілетін үйлердің бағасы да өсуде. Мәселен, Мәскеуде осыдан екі жыл бұрын 35 мың рубль тұратын бір бөлмелі пәтердің қазір арендалық құны 100 мың рубльден асады. Ресейліктердің ипотека бойынша банктердің алдындағы берешегі 19 триллион рубльге жетіп, 63 пайызға бірақ өскен.
Алексей Моисеев, сарапшы:
Мысалы, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында жер өте қымбат. Сондықтан ипотека рәсімдеу бұрыннан қиындау болатын. Ал қазір тіпті бір құжатты алу үшін екі ай жүресің. Құрылыс компаниялары банкротқа ұшырап жатыр, ал үйлерді сатып алуға тұрғындардың қалтасы көтермейді. Ипотекаға сұраныс төмендеп жатыр.
Индира Бегайдар
