Әрбір әйелдің өмірге нәр беретін, әлемге жарық сыйлайтын, жоқтан бар жасайтын, тіпті жауласқанды татуластырып, бейбітшілікке шақыратын ғажап қасиеті бар. Әйел табиғатының басты құпиясы мен сыры да – осында. «Әйел – ұлттың жаны» десек, артық болмайды», – депті.
Жұмада Ақордада еңбегі ерен аналарды, қыз-келіншектерді жинап, марапаттады.
Ал хабарлайтын дүние: осы жиында Президент Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілетінін айтты. «Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілдің қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуын күшейтіп, отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Бұл жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын да кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді.