«OzgeEpic»: Жертөледен креативті хабқа дейін
8 наурыз мерекесіне орай OzgeEpic креатив хабының ұйымдастырушылары Мақпал мен Тоғжан туралы, дәлірегі – не ойлағаны бар? – деп материал жасауды жөн көрдік. Себебі бұл бірнеше қалада бөлімі бар ерекше орталық.
Орталықта сурет, қолөнер, басқа да жанрда көрмелер ұйымдастырылады. Қойылымдар қойылады. Тың идеялар тасталады. Мағына іздегендер баратын мекен. Адамды иірімдерге жетелеу, қоғам мүшелерін ұйыту. Әлемнің, қоршаған ортаның және адам ойының мың сан бояудан тұратынын еске салу. Таным көкжиегін кеңейтуге ықпалдасу.
Әйелдер ымырасыз күрестің соңы немен аяқталатынын сезіп тұрады. Сондықтан түсінуге, түсінісуге үндейді. Ілім мен білім, мәдениет пен өнер арқылы сабырлы диалогқа шақырады. Негізі адамзат осы жолдан артық жол жоқ екенін біледі.
Бірақ... Бірақ қазір бір елді бомбалай салу түк емес. Деспоттарды құртамыз дейді, мыңдаған бейбіт адамдар қаза болып жатыр... Тіпті тирандарды құрту керек болса, онда неге олардың біріне тиіспейді?..
Ізгіліктің туын жықпайтындарды ұйыстырып жүру – біздің уақыттың күрделі, бірақ өте маңызды миссиясы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы